Сайрам: халықпен кездесу жұмыстары жалғасуда

Бүгін аудан әкімі Арман Сәбитов, аудандық мәслихат хатшысы Шамхат Халмурадов және бөлім басшылары Қарамұрт халқымен кездесті.

 Еркін форматта өткен іс-шарада тұрғындар аудан әкімі Арман Сәбитовке осы уақытқа дейін ауылдағы жиналып қалған мәселелерін жеткізді.

 Бірінші кезекте бұл ауылдық округ тұрғындарын газ мәселесі алаңдатқан. Жалпы онда проблема – газ құбырының қысымы барлық ауыл тұрғындарына (напоры) жетпейтін. Қарамұрт ауылына табиғи газ жеткізуші мекемесі «Қарамұрт-газ» ЖШС-на Арман Сәбитұлы 5 ш.қ жерге газ құбырын орнатуды жыл соңына дейін тапсырды. Бұл өз кезегінде барлық ауыл тұрғындарының табиғи газға қол жеткізуіне мүмкіндік береді.

Аудан әкімінің кездесуінде – ауыл орталығына жол белгілерін, жол сызықтары және (лежачий полицейский) орнату туралы тұрғындар тарапынан өтініш айтылған болатын. Бұл ретте А.Сәбитов ТҮКШ бөлімінің басшысы Б.Бейсембаевқа 3 күнде мәселені толық шешуді тапсырды. Сондай-ақ, елді мекенде шұңқыр (яма) бар. Ауыл ақсақалының айтуынша, аталған жер қоқыс орнына айналған. Салдарынан сол аймақта тұратын халық жаман иістен әбден шаршаған. Мұны естіген аудан әкімі Арман Сәбитов ауылдық округ әкіміне шұңқырдың беті бір апта көлемінде жабылуы тиіс екендігін атап өтті.

Бұдан бөлек, аудан басшысы А.Сәбитов халықпен ауруханаға барды. Енді тұрғындардың өтініші бойынша аурухана төңірегінде келушілерге арналған автотұрақ салу жоспарлануда.

ПІКІР ЖАЗУ