Сайрам ауданының полиция басқармасы, аудан әкімдігі және прокуратура форум өткізді

Сайрам ауданының полиция басқармасы, аудан әкімдігі және прокуратура бірлесіп, “Нашақорлыққа жол жоқ, біз өмірді таңдаймыз!” тақырыбында форум өткізді. Аталған форумға полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі М.Ермеков, аудан әкімінің орынбасары М.Әліпов, аудан прокуроры Д.Тлемисов және басқа да мемлекеттік мекеме басшылары, білім бөлімінің қызметкерлері, жастар мен аудан тұрғындары қатысты.

Нашақорлықтың алдын алу мақсатында ұйымдастырылған бұл іс-шарада аудан прокуроры мен полиция бастығы сөз алып, нашақорлықтың денсаулыққа келтірер зиянын, есірткі заттарын пайдалану, заңсыз сақтау, дайындау, тарату әрекеттері қылмыс болып табылатынын және ол үшін қатаң жауапкершілікке тартылатынын атап өтті.

Аудан тұрғындары мен жастарға нашақорлықтың адам өміріне қауіптілігі туралы театрландырылған қойылым мен әлеуметтік бейнеролик көрсетілді.

Іс-шараның соңы жастарды жігерлендіретін рухты ән шашумен жалғасты.

САЙРАМ АУДАНЫНЫҢ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ

ПІКІР ЖАЗУ