Сайрам: аудан әкімінің жұмысына апталық шолу

10 қазан

 Аудан әкімі Арман Сәбитов инвестиция тарту, екі жақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту және тәжрибе алмасу мақсатында аудан кәсіпкерлерімен Қытай Халық Республикасына арнайы іс-сапармен барды.

Делегацияның алғашқы күні аудан әкімі Арман Сәбитов Шандонг провинциясы Личьчин қаласының әкімшілігі және бизнес өкілдерімен арнайы жиналысқа қатысты. Сапар барысында Арман Сәбитов делегация құрамын таныстырып, ауданға инвестиция салудың тиімділігі бойынша арнайы презентация ұсынды.

11 қазан

 Сапардың екінші күні аудан әкімі Арман Сәбитов Қытайдағы ең ірі кәсіпорынның бірі «TI Drill» компаниясының жұмысымен танысты.

Аталған кәсіпкерлік нысан бұрғылау машиналарына және магнитті крандарға қажетті жабдықтар шығарумен айналысады.

Сондай-ақ, А.Сәбитов кәсіпорынның көп жылдық тәжірибиесі негізінде өндірісті Сайрам ауданында бірлесіп дамыту жолдарын талқылады. Мәселен, делегация құрамы «TI Drill» компаниясының өкілдеріне ауданның шикізаттық әлеуетін таныстырып қана қоймай, аталған кәсіпорынды Сайрам ауданында бірлесіп ашу жолдары айтылды.

 Аудан әкімі Арман Сәбитов және Түркістан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының өкілдері, аудан кәсіпкерлерімен «Linqing Sanhe Textile Group Co., Ltd» компаниясының жұмысымен танысты.

Компания мақта өңдеуден бастап, жіп иіру, мата шығару, дайын өнімдерді тігуге (киім, мата ойыншықтар,т.б) дейін жолға қойылған. Аталған компанияда айына 60-80 мың тоннаға дейін мақта өңделуде.

 Аудан әкімі Арман Сәбитов және делегация құрамы қағаз өнімдерін шығаратын «Zhongye Paptr Industry Yinhe Co., Ltd»компаниясының өкілдерімен кездесті.

Жиында компания өкілдеріне Сайрам ауданының импорттық және экспорттық әлеуеті, бизнес климаты таныстырылды. Аудан аумағында бірлескен кәсіпорын ашу бойынша, зауытқа қажетті шикізат көздеріне зерделеу жұмыстары және жобаның болжамдық жобалау құжаттарын жасау бойынша келісім жүргізілді.

12 қазан

 Іс-сапардың үшінші күні аудан әкімі Арман Сәбитов сүт өнімдерін шығарумен айналысатын «Rutai Dairy Industry»компаниясына барды. Қазір кәсіпорында 5000 мың бас асыл тұқымды қара мал бар. ҚХР кәсіпкерлерінің айтуынша, сиырлар сауылысымен өнім тікелей зауытқа жеткізіліп, дайын өнімдер шығарылуда. Бұл ртте, делегация тарапынан, компанияның сиырларды бағу, сүтті өңдеу, дайын өнімдерді шығару бойынша жұмыстарымен тәжірибие алмасты.

Бүгінде Сайрам ауданында сүт өнімдерін өндірумен айналысатын бизнес жолға қойылған. Сапар барысында аталған бизнес басшылары сүт өңдеу саласында қолданып жатқан жабдықтарының тиімділігін зерделеп, жабдықтарды алу бойынша ақпарат алды.

 Түркістан облысынан барған делегация кезекті іс-сапарын ҚХР Шаньдун өлкесінің ірі өнеркәсіптік қаласы Ляочен қаласында жалғастырды.

Ляочен қаласында Ляочен және Линьцин қала әкімшілігі басшылары және өндірістік кәсіпорындарының қатысуымен үлкен кездесу өтті. Аталған жиында Түркістан облысының экономикалық жағдайы және инвестициялық мүмкіндіктері жөнінде презентация жасалынды. Бұл ретте, аудан әкімі Арман Сәбитов бастамасымен Сайрам ауданы және ҚХР Шаньнуднг өлексі арасындағы ынтымақтастық, экономикалық, сауда және ауыл шаруашылығы байланыстарын арттыру бойынша меморандумдарға қол қойылды.

Бұдан бөлек, сапар барысында Ляочен және Линьцин қалалары өздерінің экономикалық әлеуеттерін таныстырып, Қазақстан Республикасымен сауда – экономикалық мүмкіндіктерін ортаға салды.

ПІКІР ЖАЗУ