Сайрам: «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иелері марапатталд

Әйел-бір қолымен әлемді тербетсе, бір қолымен бесікті тербетеді. Әйел-отбасының береке-бірлігін ойлап қана қоймай, мемлекеттік іс пен қоғамдық істе де, кәсіпкерлік пен тәлімгерлікте де тамаша табыстарға жетіп жүрген қоғам мүшесі.

Ел басқарған ағалар мен, не бір дүл-дүл даналар осы әйел анадан тарайды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылғы 16 қыркүйектегі №356 Жарлығына сәйкес, бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары А. Өсербаев ауданда тұратын 27 анаға, оның ішінде «Алтын алқа»-3 , «Күміс алқа» -24, иесі атанған аналарды марапаттады.

Аудан әкімінің орынбасары А.Өсербаев өз сөзінде: «Сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат, отбасылық бақыт пен қызметтіріңізге сәттілік тілеймін! Жүздеріңізден күлкі, көңілдеріңізден қуаныш кетпесін! Әрбір шаңыраққа шаттық пен бақыт, отбасының аманшылығын, еліміздің өсіп-өркендей беруін тілеймін. Өмірдегі әйел жаққан шырақ сөнбесін!»,- деп ізгі тілегін білдірді.

ПІКІР ЖАЗУ