Сайрам: әйелдер кеңесінің комиссия отырысы өтті

Бүгін Сайрам ауданы әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудан әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның отырысы өтті.

Оған аудан әкімінің орынбасары А. Өсербаев, аудандық ішкі саясат бөлімінің мамандары, аудандық әйелдер кеңесі, аудандық әжелер алқасы, білім беру, денсаулық сақтау, құқық қорғау, әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу орталығының мамандары қатысты. Жиында аудан әкімінің орынбасары А. Өсербаев төрағалық етіп, баяндамашыларға сөз берді.

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, ” Үйде әлеуметтік қызмет көрсету орталығы ” КММ-нің жанындағы “Әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу қызметі” секторының меңгерушісі Ғ. Медеуов 9 айда атқарған жұмыстары жөнінде есеп беріп, алдағы атқаруға тиіс жұмыс жоспарымен бөлісті. Жиын барысында “Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу”, ” Гендерлік саясат”, ” Әйелдерді кәсіпке баулу” сынды өзекті мәселелер айтылып, қатысушылар өз ұсыныс-пікірлерін білдірді.

ПІКІР ЖАЗУ