Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Садақа жәшігінен ақша ұрлаған ер адам ұсталды

Шымкентте садақа жәшігінен ақша ұрлаған ер адам ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ға сілтеме беріп.

Қаратау АПБ «102» арнасына жергілікті тұрғын хабарласып, белгісіз тұлғаны ұрлық үстінде ұстағанын айтты.

Шақырту орнына дереу жедел-тергеу тобының қызметкерлері барды. Белгілі болғандай, ер адам қаладағы ірі сауда нүктелерінің бірінде орналасқан қайырымдылық жәшігінен 20 мың теңгеге жуық ақша ұрлағаны анықталды.

Күдіктінің оғаш қылығын байқаған куәгерлер, оқиғаға бей-жай қарамай дер кезінде оны ұстаған. Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша СДТБТ-ға тіркеді. – Жергілікті тұрғын бұған дейін есірткі қылмысы үшін істі болған. Қазіргі таңда жұмыссыз. Оған қатысты ешқайда кетпеу туралы бұлтартпау шарасы қолданылды. Ұрланған қаражат қайырымдылық қорының иесіне қайтарылды. Жақын арада жинақталған іс-құжаттар айыптау актісімен бірге сотқа жіберіледі, – дейді Қаратау АПБ анықтаушысы Дастан Ахмет.

Қоғамдық қордың иесі құқықбұзушылыққа немқұрайлық танытпаған азаматтарға және тәртіп сақшыларына алғыс білдірді.

Сәйкес жаңалықтар

Шымкентте өзбек этносының «Достық» мерекесі аталып өтті

admin

Түлкібас кентіндегі түйіткілді мәселелер талқыланды

admin

Самбодан ел чемпионатында Түркістан облысының әйелдер құрамасы көш бастады

admin