Рухани келісім – тұрақтылықтың іргетасы!
Еліміздің тәуелсіздік алған жылдары ішінде қол жеткізген маңызды жетістіктерінің бірі ұлтаралық және дінаралық келісімге негізделген әлеуметтік тұрақтылық болып табылады. Бұған негіз болған 18-қазан күні аталып өтілетін Рухани келісім күні!
Осыдан ширек ғасыр бұрын сол кездегі елордамыз Алматы төрінде өткен бүкіләлемдік Рухани келісім конгресінде бекітіліп, күнтізбемізге енген атаулы күнді Қазақстан халқы жылда атап өтеді.
Биыл да Түлкібас ауданында атаулы күнге орай спорттық іс-шара ұйымдастырылып, аудан әкімі Нұрлан Байғұт бір топ ауыл имамдары мен діни бірлестіктердің басшыларын қабылдап, айтулы мерекелерімен құттықтады.
«Біз бүгінгі күнге дейін ешбір ұлтты бөлмей, бір үйдің баласындай тату-тәтті өмір сүрудеміз. Біз алдағы күндерде де балабақша мен мектепте ұлттар арасындағы ынтымақ пен бауырмалдықты үйретіп, жастарымызды тәрбиелеуміз қажет. Ұлтаралық татулық ұрпақтар сабақтастығы ретінде жалғасын табуы қажет»-деді, аудан әкімі өз сөзінде.
Мерекеге орай арнайы қабылдау өткізген аудан басшысына ауданның бас имамы Серік Мағаз бен ауыл имамдары алғыстарын жеткізіп, баталарын берді.
Шара барысында аудан тұрғындарын рухани азықтандырып жүрген жандарға аудан әкімінің алғыс хаттары мен бағалы сыйлықтар табысталды.
Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі