Республикалық маңызы бар трассада жүк көліктері үшін қозғалыс шектелді

Түркістан облыстық полиция департаменті, Республикалық маңызы бар трассада жүк көліктері үшін қозғалыс шектелгенін хабарлады!

2024 жыл 6 қарашада Түркістан облысымен шекаралас Жамбыл облысында автожолдың жабылуына байланысты “Ташкент – Шымкент – Тараз – Алматы-Хоргос” республикалық маңызы бар автожолының 593-620 км учаскесінде жүк көліктеріне қозғалыс шектелді. (Жамбыл облысы-Түлкібас ауданы Т.Рысқұлов ауылы).

Полиция жүргізушілерден жолда мұқият болуды сұрайды!

ПІКІР ЖАЗУ