Ресей алғаш болып ғарышта түтік тәрізді органдарды басып шығармақшы

АСТАНА. KAZINFORM – 4D-биобаспасын қолдану арқылы жасалатын эксперимент 2024 жылы алғаш рет Халықаралық ғарыш станциясының (ХҒС) бортында жүзеге асырылмақшы. Эксперимент барысында түтік тәрізді органдардың эквивалентін алу жоспарланған, деп хабарлайды Kazinform ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

– Үстіміздегі жылдың наурыз айында ХҒС бортына бетінде жасуша қабаты бар бірегей синтетикалық материалды кювет жеткізіледі. Магниттік биопринтер ішіндегі микрогравитация пішінді есте сақтау әсерінен жалпақ пластина цилиндрге айналады. Бұл жағдайда жасушалық материал цилиндрдің ішінде біркелкі жабық қабатты құруы керек. 4D биопринтер технологиясы түтікті орган баламасын алуға мүмкіндік береді. Ғарыш кеңістігінде 4D биопринтер технологиясын қолданатын мұндай эксперимент әлемде бірінші рет өткізілмек, – деді Роскосмос ғарышкерлер отрядының командирі Олег Кононенко.

Материалдар пішінін есте сақтау эффектісін қолданатын 4D-биопринтер технологиясын Мәскеу ұлттық ғылым және технология институның мамандары ойлап тапты.

– Магниттік биопринтер халықаралық ғарыш станциясына менімен бірге 2018 жылдың желтоқсан айында келді. Мен ғарышта биофабрикациялық тәжірибелер жүргізген алғашқы астронавт болдым. Бұл тышқанның қалқанша безі мен адамның шеміршек тінінің үш өлшемді тіндік инженерлік құрылымдарын жасау бойынша бірегей эксперимент болды. Мұндай зерттеу бұрын нөлдік гравитация жағдайында жүргізілмеген. Бұдан да күрделі геометриялық құрылымдарды жасау, әсіресе цилиндрлік пішінді құру – технологияның одан әрі дамуын көрсетеді, – деп толықтырды О.Кононенко.

ПІКІР ЖАЗУ