“Репатриация және шет елдегі отандастармен өзара әрекеттесу мәселелері бойынша талдамалық зерттеулер”

Бүгін қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты Қандастарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығында “Шет елден көшіп келген этникалық қазақтарды қолдауды қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік тапсырма шеңберінде кездесу өтті.

Кездесуде “Репатриация және шет елдегі отандастармен өзара әрекеттесу мәселелері бойынша талдамалық зерттеулер” жобасының орындалуы ескерілді.

Жобаның іске асырылуын зерделеу мақсатында “Отандастар қоры” КеАҚ Ақпараттық-талдау Департаментінің атқарушы директоры Н.Б.Жалиев іс-сапармен келген болатын.

Кездесуге Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының орынбасары м.а Жайлаубек Асқар Мұхтарұлы, басқарманың көші-қон және қандастармен жұмыс бөлімінің басшысы Ешенкулова Дамира Нұрғалиқызы,Ішкі саясат және жастармен жұмыс басқармасының “Этносаралық қатынастар мәселелері жөніндегі бөлімінің” бас маманы Абдыкаим Айжамал Эриковна және Мекеме басшысы мен қызметкерлері , сонымен қатар қызмет алушы қандастар қатысты.

ПІКІР ЖАЗУ