Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

Рейстер кешігуі мүмкін: Астана әуежайы жолаушыларға үндеу жасады

Астана халықаралық әуежайы Таяу Шығыс елдеріне бағытталған және сол елдер арқылы өтетін жекелеген халықаралық рейстер кестесінде өзгерістер болуы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Елорда әуежайының түсіндіруінше, мұндай түзетулер Таяу Шығыстағы бірқатар мемлекеттегі ахуалдың өзгеруіне байланысты енгізіліп отыр.

Жолаушыларға әуежайға келмес бұрын өз әуе компанияларынан рейстердің нақты мәртебесін алдын ала тексеру ұсынылады.

Әуежай әкімшілігінің мәліметінше, әуе айлағы тасымалдаушы компаниялармен тұрақты байланыста жұмыс істеп, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жолаушыларға туындауы мүмкін қолайсыздықтарды азайту үшін жағдайды үздіксіз бақылап отыр.

Бұған дейін Қазақстаннан Таяу Шығыс елдеріне ұшатын рейстердің 3 наурызға дейін уақытша тоқтатылғаны белгілі болған еді.

Сәйкес жаңалықтар

Қазақстанда электросамокаттарға мемлекеттік нөмірлер енгізілуі мүмкін

admin

Түлкібас: білім саласы жаңа ғимараттармен толықтырылуда

admin

Түркістан: экология министрі Түркістан облысындағы балық шаруашылығының жағдайымен танысты

admin