Рәміздер керуені Түркістанға жетті.
Керуеннің негізгі мақсаты — Қазақстан Республикасының барлық аймақтарында елдігіміздің нышаны – рәміздерді ұлықтап, құндылығын насихаттау.
Аталған керуеннің талаптары мен өз заңдылықтары болды.
Керуенді қабылдап алған өңір қорапшадағы кітапшада көрсетілген арнайы өзіне тиесілі бетке «Рәміздер керуенін» қабылдап алғаны бойынша жастардың фотосын қойып, кітаптың екінші бетіне рәміздердің 30 жылдығына орай, арнау өлеңдерін жазып жолдайды.
Керуен еліміздің Оңтүстік, Солтүстік, Шығыс, Батыс аймақтарындағы қалаларға жетіп, бүгін Түркістанға оралды.
Алдағы уақытта осы қорапшадағы рәміздерді «Ұлы Дала Елі» музейіне қою жоспарлануда.
Ашық аспан астында өткен шарада түркістандық жастар
республика бойынша күндізгі сағат 10-да Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін өзге аймақтармен бір мезетте бірге орындады.
Атап өтейік, ҚР Рәміздерінің 30 жылдығына орай, жастардың ұйымдастырған екі күндік шарасында «Мен туымды мақтан етемін» автошеруі де өткен болатын. Оған облыстағы 17 аудан-қаланың Жастар орталықтары қатысты.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі