Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚұқық

“Пробация” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр

Ақмола облысының полицейлері “Пробация” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында 700-ден астам есептегі азаматты тексерді, – деп хабарлайды Polisia.kz. Ақмола облысының аумағында 15-22 тамыз аралығында “Пробация” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр. Іс-шараның мақсаты – сынақ мерзіміндегі адамдар арасында болуы мүмкін құқық бұзушылықтардың алдын алу. ЖПІШ барысында Ақмола облысы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының учаскелік полиция инспекторлары пробация қызметінің қызметкерлерімен бірлесіп, құқық қорғау органдарында есепте тұрған азаматтарға барады және қасақана бұзушылықтар жасаған жағдайда, шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың күші жойылатынын түсіндіреді. Қазіргі уақытта облыс аумағында есептегі азаматтардың саны 1387 адамды құрайды, олардың 763-і өткен кезеңде тексерілген. Тексеріс барысында жазаны өтеу шарттары мен тәртібін бұзудың 32 дерегі, сондай-ақ әкімшілік кодексті бұзудың 14 дерегі анықталды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр.

Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында: https://polisia.kz/aqmola-oblysynda-probatsiya-zhedel-profilaktikalyq-is-sharasy-otkizilip-zhatyr/

Сәйкес жаңалықтар

Түрік Кеңесі Түркі әлемі университеттер Одағының V Бас Ассамблеясы өтті

admin

Шардарада биыл 35 шақырымға жуық көше жөндеуден өтеді

admin

Түркістан облысынан солтүстікке қоныс аударғандардың жай-күйімен танысуға арнайы жұмысшы топ барды

admin