Президент қазақстандық боксшыларды құттықтады

Президент қазақстандық боксшыларды құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Санжар Тәшкенбай мен Махмұд Сабырханды бокстан Әлем чемпионы атануымен, сондай-ақ Назым Қызайбайды күміс жүлде, Виктория Графеева мен Елдана Тәліпованы қола жүлде иеленуімен құттықтады, – делінген хабарламада.
Президент спортшыларымыздың алдағы финалдық жекпе-жектеріне сәттілік тіледі. Еске салайық, қазақстандық боксшылар Ливерпульде өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында топ жарды. Санжар Тәшкенбай Әлем біріншілігінің чемпионы атанса, Назым Қызайбай күміс жүлдегер атанды.