Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарСаясат

Президент Қатар мемлекетінің әмірімен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен әңгімелесу барысында Таяу Шығыстағы ахуалды талқылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Президент аймақта қақтығыстың өршіп кеткеніне алаңдаушылық білдіріп, осынау күрделі кезеңде Әмір мен бауырлас Қатар халқына тілектес екенін айтты.

Шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни Қазақстанның ұдайы қолдауы үшін ризашылығын жеткізіп, екі ел арасындағы сан қырлы қарым-қатынасты достық және стратегиялық серіктестік рухында одан әрі нығайтуға ниетті екенін растады.

Қазақстан Президенті қасиетті Рамазан айында Қатар әмірінің мемлекеттік қызметіне табыс, ал бауырлас Қатар халқына бейбітшілік пен бақ-береке тіледі.

Сәйкес жаңалықтар

Шымкенттің туристік әлеуеті жақсарып келеді

admin

«Маугли» балалар: полиция оқиғаның мән-жайын айтты

admin

Төлеби ауданында полимерді модификациялау цехы ашылды

admin