Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Президент әйелдер қауымын 8 наурыз мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барша қазақстандық әйелдер қауымын 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді. Құттықтаудың толық мәтінін назарларыңызға ұсынамыз.

Қымбатты ханымдар!

Баршаңызды Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! 

Бұл – сұлулық пен мейірімділіктің символына айналған шуақты мереке. Халқымыз ежелден анасын ардақтап, қыздарын қадірлей білген. Көптеген аруларымыздың есімі төл тарихымызға алтын әріппен жазылған. 

Қазір Қазақстанда әйелдер түрлі кәсіппен айналысып, бизнесте және қоғамдық қызметте зор табысқа жетіп жүр. Олар биік белестерді бағындырып қана қоймай, саналы ұрпақ тәрбиелеу жолында аянбай еңбек етіп келеді. 

Барлық әйелдердің адал еңбегі ең жоғары бағаға лайық. Осы сәтті пайдаланып, Қазақстандағы аналар мен арулардың бәріне шынайы ризашылығымды білдіремін. 

Мемлекет әйелдердің құқықтарын қорғауға және барша азаматтың жан-жақты дамуы үшін жағдай жасауға әрдайым баса назар аударады. Жанашырлық, жауапкершілік, жасампаздық сияқты асыл қасиеттерді бойына сіңірген әйелдер қауымы еліміздегі ауқымды өзгерістерді жүзеге асыруға зор үлес қоса береді деп сенемін. 

Баршаңызға мықты денсаулық, бақ-береке тілеймін!

Сәйкес жаңалықтар

Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында су тасқыны кезеңіне дайындық шаралары қаралды

admin

Астанада құтқарушылар өртеніп жатқан үйлен 60 адамды эвакуациялады

admin

Түркістан: шекараны заңсыз кесіп өтушілер көбейген

admin