Полицияның қарқынды қызметінің арқасында мал ұрлығы қылмысы 47,7 пайызға кеміген
Түркістан облысының полиция қызметкерлерімен мал ұрлығын анықтау, жолын кесу мақсатында, үздіксіз рейдтік-профилактикалық іс-шаралар жүргізілуде.
Мәселен полиция қызметкерлері жыл басынан бері мал ұрлығын кәсіп еткен 30-ға жуық адамды, оның ішінде 6 қылмыстық топты ұстады. Олардың жартысынан көбі темірторға тоғытылып, 5 жылдан көп мерзім арқалады. Яғни малды жүк көлігімен алып кетіп отырған күдіктілерден бөлек, тасымалдаушылар және сатып алушылар да қылмыстық жауапкершілікке тартылуда.
Сондай-ақ облыс көлемінде жыл басынан 264 мал ұрланған болса, оның 204-і
иелеріне қайтарылған. Қылмыстың бұл түрімен күресу басты жолға қойылған. Облысымызда түлік иелеріне түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, мал базарлар мен ет өнімдерін сататын орындар, мал сою цехтары үнемі тексерілуде.
Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мал ұрлығы үшін жауапкершілік күшейтілді. Түркістан облысында соңғы 5 жылда мал ұрлығы қылмысы азайып келеді. Ал департамент бастығы Мұрат Қабденовтың бұйрығымен 2024 жыл «профилактика жылы» деп белгіленген. Осы бағытта жүйелі жұмыс жүргізіліп, мал ұрлығы қылмысы былтырғы жылмен салыстырғанда 47,7 пайызға кеміген.