Полиция волейболдан өткен күзгі чемпионатта демеушілік жасап, өз үлестерін қосты
Түркістан қаласында Балуан Шолақ спорт кешенінде волейболдан 2012-2013 жылы туған жасөспірім қыздар арасында күзгі Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Жарысқа республика бойынша әр өңірден мықты спортшылар келіп, жалпы 19 команда қатысты.
Жасөспірімдер арасындағы спорттық сайысқа Түркістан облысы Полиция Департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы демеуші болды. Жарыстың ашылуында сөз сөйлеген полиция майоры Марат Бимаханов, жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. Құқық бұзушылыққа, қандай да бір теріс әрекетке бармауға, есірткіге байланысты жайттарға жоламауға шақырды.
Жарыс жеңімпаздарына полиция тапарынан сыйлықтар үлестірілді.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі