Полиция тұрмыстық жанжал негізінде болған «кісі өлтіруге оқталу» фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады

Бұрынғы жұбайындағы балаларды көру үшін келген жәбірленуші бұрын бірнеше рет сотты болған Шымкент қаласының тұрғыны екені анықталды. Осы кезде онымен әйелінің туысы арасында жанжал болып, ер адам пышақ жарақатын алған.

Күдіктінің жеке басы анықталды және оны ұстау шаралары қабылдануда. Қазіргі уақытта қажетті жедел-іздестіру және тергеу әрекеттері жүргізілуде. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Тергеу мүддесіндегі өзге де ақпараттар жария етуге жатпайды.

СНХ: Асылжан Қалдарбеков,

Түркістан облысының Полиция департаменті бастығының орынбасары

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ