Полиция Түркістан облысы аудандарының бірінде жоспарланған іс-шараны қорытындылады

Полиция Түркістан облысы аудандарының бірінде жоспарланған іс-шараны қорытындылады

Полиция құқық бұзушылықтарға қарсы “нөлдік төзімділік” қағидаты бойынша көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда құқықтық тәртіпті сақтау мақсатында жоспарлы профилактикалық іс-шара өткізді.

Нәтижесінде, тәртіп сақшылары полиция бөліміне 27 адамды, оның ішінде 12 шетелдік азаматты жеткізді. Тұрғылықты жері бойынша 29 қару иесі және профилактикалық есепте тұрған 47 адам тексерілді. Сондай-ақ пробациялық есепте тұрған адамдармен әңгімелесулер жүргізілді.

Сонымен қатар қаруды сақтаудвң ережелері мен талаптарын бұзғаны үшін 1 қару иесіне әкімшілік шара көрілді. Полицейлер аудан тұрғындарымен құқық бұзушылықтарға жол бермеу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Өз кезегінде тәртіп сақшылары азаматтарды қоғамдық тәртіпті бұзбауға және жол қозғалысы ережелерін сақтауға шақырады.

ПІКІР ЖАЗУ