Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Полиция Түркістан қаласындағы кісі өлтіруге оқталу фактісі бойынша күдіктіні ұстады

Түркістан облысы Полиция департаментінің Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде, кісі өлтіруге оқталу дерегіне қатысты күдікті жергілікті тұрғынды ұстады. Ер адам бұл әрекетін мойындады.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды және қажетті тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды.

Естеріңізге сала кетейік, күдікті тұрмыстық жанжал кезінде өзінің бұрынғы жездесіне пышақ сұғып, қашып кеткен. Оны іздеуге Түркістан полициясының барлық жеке құрамы жұмылдырылды.

Қазіргі уақытта оқиғаның толық мән-жайы анықталуда. Тергеу мүддесіндегі өзге де ақпараттар жария етуге жатпайды

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Сәйкес жаңалықтар

Түркістанда балалардың қиялынан туған ертегілер жинағының тұсауы кесілді

admin

Түлкібас ауданында жаңа оқу жылына дайындыққа 1800 астам әлеуметтік осал топтағы балаларға көмек көрсетіледі

admin

Келес: Қошқаратада 18 шақырым жол жөнделді

admin