Полиция миллион теңгенің жылқыларын ұрлады деген күдіктіні ұстады
Полиция миллион теңгенің жылқыларын ұрлады деген күдіктіні ұстады
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Отырар ауданының полицейлері мал ұрлады деген күдікті ер адамды ұстады.
Анықталғандай, күдікті түнгі уақытта танысының екі жылқысын жайылымнан ұрлап, жүк көлігіне тиеп, қашып кеткен. Содан ұрланған жылқыларды туысының үйіне жасырған. Келтірілген шығын көлемі шамамен миллион теңгені құрады.
Белгілі болғандай, ер адам жылқыларды көкпар ойындарына қатыстыру үшін ұрлаған. Тәртіп сақшылары ұрланған жылқыларды тәркілеп, заңды иесіне қайтарды.
Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты тергеу жүргізілуде.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі