Полиция мал ұрлығының алдын алу бағытында профилактиканы күшейтті

Қараусыз жүрген мал ұрыға олжа болуы әбден мүмкін. Тұрғындар өз малының қауіпсіздігіне немқұрайды қарауын тоқтатпайынша, құқық қорғау органдарының мал ұрлаушылармен күресі оң нәтижесін беруі екіталай. Сондықтан төрт түлігіңізді көшеде қараусыз қалдырмаңыз!

Полиция үй жануарларының жайылымдарда жоғалып кететінін ескеріп, ауыл тұрғындарының малға күзетті күшейтуін ескертеді. Төрт түліктің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғасын, мал ұрлығын болдырмаудың басты қауіпсіздігі – оларды қараусыз, бос жібермеу екенін алға тартады.

Сонымен қатар Түркістан облысы Полиция департаменті Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері «Сауран» шеп-бекетінде мал тасымалдап жүрген көлік жүргізушілерін тексеріп, рейд ұйымдастырды. Жүргізушілерге құжатсыз мал тасымалдауға болмайтынын қатаң ескертті.

Айта кетейік, үй жануарларын қараусыз қалдырып, құжаттандырмасаңыздар оған заңға сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ