Полиция мал ұрлығының 10-нан астам дерегіне қатысы бар адамдар тобын ұстады

Түркістан облысының полицейлері жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Ордабасы, Арыс және Бәйдібек аудандарының аумағында мал ұрлаумен айналысқан адамдар тобының қылмыстық әрекетін тоқтатты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы ПД криминалдық полиция басқармасы мен Ордабасы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері 3 күдіктіні ұстады. Оның екеуі бұрын сотты болған. Бүгінгі таңда жедел уәкілдер шығыны 7 миллион теңгеге жуық болатын мал ұрлығының 10-нан астам фактісіне қатысы барын анықтады. Күдіктілер көбіне сиыр мен қой ұрлаған. Содан кейін ұрланған малды Шымкент қаласына өткізіп отырған. Полицейлер тінту шараларын жүргізу кезінде ұрланған малдың бір бөлігін тәркілеп алып, заңды иелеріне қайтарып берді. Күдіктілер қамауға алынды. Тергеу жүргізіліп, олардың басқа да осыған ұқсас қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында: https://polisia.kz/politsiya-mal-urlyghynyng-10-nan-astam-deregine-qatysy-bar-adamdar-tobyn-ustady/

ПІКІР ЖАЗУ