Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚұқық

Полиция қызметкерлері ескертеді

Егер көлікпен саяхаттағыңыз келсе немесе ұзақ сапарға шығуды жоспарласаңыз, ұйқы және демалыс режимін сақтауыңыз қажет.

Жол қозғалысының қауіпсіздігі үшін келесі жайттарға ден қойыңыз:

— ұзақ сапар алдында тынығу;

— жұмыс күнінен кейін шаршап тұрып жолға шықпау;

— мүмкіндігінше түнгі жолдан бас тарту;

— ауырып тұрып көлік тізгініне отырмау;

— көлік басқарып, арасында демалғыныңыз абзал. Әр 2-2,5 сағаттық қозғалыстан кейін 5-10 минуттық үзіліс жасау;

— қауіпсіз жерге тоқтап, бір жарым — екі сағат ұйықтау;

— жол белгілерінің талаптарын сақтау;

— телефонмен сөйлесу, оқу және т.б. әрекеттерге алаңдамау;

— тайғақ жерлерде арнайы ерітінділермен және шашыратқыштармен өңделген жолмен жүру;

— көлік құралының техникалық жай-күйіне ерекше назар аудару.

Жол қауіпсіздігінің кепілі – жол ережелерін мүлтіксіз сақтау. Осыны әрдайым есте сақтаңыз!

 

Сәйкес жаңалықтар

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ТҮРКІСТАНДАҒЫ ЕҢ БИІК ЕКІ ҒИМАРАТТЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

admin

Түркістан қаласы аумағында 10 жылу қазандығы арқылы 312 нысан, оның 167-і көпқабатты тұрғын үй, ал 145-і жеке және заңды тұлғалар жылумен қамтамасыз етіледі

admin

Дархан Сатыбалды Түркістандағы бес қабатты тұрғын үйлердің құрылысын бақылады

admin