Полиция қызметкерінің заңды талабына бағынбай, қызметіне кедергі келтіргені үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылды
Азамат М. алкогольді масаң күйде бола тұра, шақырылым бойынша өз қызметтік міндетін атқаруүшін үйіне келген жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы К.-ның заңды талабына бағынбай, оны қолымен итеріп жіберіп, пәтерінің сыртқы есігін жауып қойып, полция инспекторының қызметіне кедергі келтірген.
Сот отырысында М. өзінің айыбын толық мойындап, мастықпен әрекет еткенін, әрекетіне шын өкінетінін, келешекте қайталамайтынын, жәбірленушіден кешірім сұрайтынын көрсеткен.
Айбын толық мойындауымен қатар, құқық бұзушының кінәсі өзінің және жәбірленушінің, куәлардың айғақтарымен, медициналық куәландыру қортындысымен, бейнежазбамен және басқа да іс материалдарымен толық дәлелін тапқан.
Сонымен, М. Шардара аудандық сотының ұйғарымымен ҚР ӘҚБтК-нің 667-бабының 1-бөлігімен көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған айыппұл түріндегі әкімшілік жаза қолданылған.