Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Полиция кәсіби дағдыларды шыңдау арқылы жұмыс тиімділігін арттырады

Республика бойынша ішкі істер органдарының қызметкерлеріне жауынгерлік және қызметтік даярлық бойынша бірыңғай сабақ өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты заңнамадағы өзгерістерді іс жүзінде қолдануға ерекше назар аударылды. Полицейлер зардап шеккендерге қалай дұрыс көмек көрсету керектігін, дағдарыс жағдайларында қалай әрекет ету керектігін егжей-тегжейлі меңгерді.

Сонымен қатар қызметкерлер полиция мен қоғам арасындағы сенімді нығайтуға ықпал ететін Этикалық кодекстің негізгі нормаларын қарастырды.

– ІІО аумақтық бөліністерінің жеке құрамы дәріске толық қатысты. Бұл біліктілікті арттыруға және кәсіби тұрғыда өсуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар жұмыстың тиімділігіне оң әсер етеді, — деді ведомствода.

Бірыңғай сабақтар апта сайын өткізіледі.

Сәйкес жаңалықтар

Су шығыны 5% дан аспауы керек

admin

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков көпқабатты тұрғын үй құрылыстарын аралап, жұмыс барысын көрді.

admin

Талықорғанда облыстық робототехника олимпиадасы өтті

admin