Полиция департаментінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері талқыланды
Қостанай облысының полиция департаментінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері талқыланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция департаментінің қабырғасында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің басшылығымен бірлескен жиын өтті. Оған екі ведомствоның басшылығы, ПД дербес бөлімшелерінің және Қостанай қаласы ПБ басшылары, рота мен патрульдік полиция батальонының жеке құрамы қатысты. Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат мәселелері, сондай-ақ полиция департаментінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан шаралар талқыланды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің бастығы Бауыржан Ұзынжас бүгінгі күні сыбайлас жемқорлықтың алдын алу олардың ведомствосы қызметінің басым бағыты екендігін атап өтті. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тиімді жою және азаматтар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру үшін жаңа институттар құрылды. Оның басты міндеті сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу құралдарын енгізу болып табылады. Кеңес спикерлері полицейлер арасында сыбайлас жемқорлық көріністерінің резонанстық жағдайлары туралы тағы да еске салып, жиналғандарға профилактикалық бейнероликтер көрсетті. Содан кейін Қостанай облысы ПД бастығы Ерлан Файзуллин жеке құрамға жүгінді.
– Сыбайлас жемқорлық қазіргі таңдағы негізгі проблемаларының бірі, оған қарсы іс-қимыл үшін шешуші шаралар қабылданып, пәрменді реформалар жүргізілуде. Жауапкершілік пен олардың әрекеттерінің салдары туралы белгілі бір түсінік болуы керек. Бүгін ПД жеке құрамының тәртіп пен заңдылықты сақтау мәселесі әр кеңесте талқыланатын тақырыпқа айналды, – деп атап өтті ПД бастығы.
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын орындау барысында полицейлер “Integriti Chek” немесе “парасаттылық” деп аталатын жасырын тексерулерден өтеді.
Сонымен қатар аталған бағдарлама шеңберінде заңсыз жолмен жеңіл табыс табуға мақсатында сыбайлас жемқорлық көріністеріне әкеп соғатын лудоманияның алдын алу үшін облыстың ІІО бөлімшелерінде полиция қызметкерлерінің ойынға тәуелділігін анықтау және шектеу бойынша профилактикалық шаралар қабылдануда. Ол үшін психологтар анонимді сауалнамалар жүргізеді. Мұндай бірлескен профилактикалық кездесулер алдағы уақытта да өткізілмек.
Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында: https://polisia.kz/qostanaj-oblysy-politsiya-departamentinde-sybajlas-zhemqorlyqtyng-aldyn-alu-maseleleri-talqylandy/