Полиция департаментінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша “цифрлық шешімдер” талқыланды

Түркістан облысының Полиция департаментінде Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев, Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов, облыс прокуроры Мұрат Тілеубердиев, сондай-ақ жақын маңдағы Қызылорда, Жамбыл облыстары мен Шымкент қаласының 54 конституциялық прокуроры, Полиция департаменті басшы құрамының қатысуымен “Заң және тәртіп” қағидаты аясында азаматтардың қауіпсіздігі қамтамасыз ету үшін “цифрлық шешімдерді” енгізу мәселелері талқыланды.

*Ішкі істер министрі Ержан Саденов* атап өткендей, полиция қызметінде күнделікті заманауи технологияларды қолдану – Мемлекет басшысының ішкі істер органдарының алдына қойған басты міндеттерінің бірі. Осы ретте қатысушыларға “кілемді жабын” жобасы, оқу орындары мен басқа да объектілердің бейнебақылау камераларын жедел басқару орталығымен біріктіру, “SOS” дабыл түймелерінің жұмысы, “Цифрлық полиция” жүйесі және құқық тәртібі мен жол қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған “102” көп арналы мобильді қосымшасының мүмкіндіктері көрсетілді.

Сондай-ақ бірқатар полиция бөлімдерінің басшылары баяндама жасап, тергеу, криминалдық полиция жұмыстарында, сондай-ақ кадрлық жұмыс пен материалдық-техникалық қамтамасыз ету салаларында “Цифрлық шешімдерді” енгізу нәтижелерімен таныстырды.

Ақпараттық технологияларды пайдалану, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қылмысқа қарсы күрес мәселелерінде полиция қызметінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретіні атап өтілді.

Кездесу соңында қатысушылар көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға және облыста қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған белгіленген мақсаттарды іске асыру бойынша бірлесіп жұмыс істеуге дайын екендіктерін жеткізді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

 

ПІКІР ЖАЗУ