Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Полиция бүкіләлемдік тазалық күніне қолдау көрсетті

Сенбінің таңы атысымен қоршаған орта тазалығына бей-жай қарамайтын тәртіп сақшылары тазалық шараларын атқаруға сенбілікке шықты. Полиция департаментінің аппараты мен қалалық, аудандық полиция бөліністерінің қызметкерлері өздеріне бекітілген аумақтарын тазалап, өз үлестерін қосты. Яғни полицейлер бірнеше сағат ішінде жұмыс орны мен оған жақын аумақтарды күл-қоқыс, тұрмыстық қалдықтардан тазартты, жасыл желектерді қопсытып, суғарып шықты.

Негізгі мақсат — жыл сайын қыркүйек айының 3 жексенбісі өтетін «Бүкіләлемдік тазалық күніне» қолдау білдіріп, қауырт жұмыстарынан уақыт тауып, табиғат жанашыры болу. Жұртшылық назарын қоршаған орта тазалығына, экологиялық өмір салтын ұстануға аудару.

«Тазалық адамның ішкі мәдениетінің көрінісі. Біз өзіміздің, өз үйіміздің ғана емес, тұрып жатқан жеріміздің, жұмыс орнымыздың, қаламыздың, туған жеріміздің таза болуына да баса мән беруге дағдылануымыз керек»-дейді сенбілікке шыққан полицейлер.

 

Сәйкес жаңалықтар

Көршісінің кішкентай қызын байлап, иесіз ғимаратқа апарып ұрған

admin

Астана мен Сеул арасында тікелей әуе қатынасы қайтадан жанданды

admin

Астана әкімдігі қажет мамандарға жыл сайын 1200 грант бөледі

admin