Полиция браконьерлерден 16 ақбөкеннің денесі мен қару-жарақ тәркіледі

Созақ аудандық полиция бөліміне “Охотзоопром” инспекторынан хабарлама келіп түсті. Онда аймақта жүрген белгісіз күдікті көлікті тексеру керектігі жеткізілді. Оқиға орнына жедел жеткен полиция ҚР Қызыл кітабына енгізілген жабайы жануарларды заңсыз аулау дерегін анықтады.

Жедел уәкілдермен дер кезінде қабылданған шаралардың нәтижесінде күмәнді «Toyota land gruizer» көлігі, 16 дана ақбөкен аңының денесі, оның 13 дана басы, 2 дана пышақ, 58 дана аңшы мылтығының оғы, дүрбі, аңшы мылтығы, 12 калибрі екі ұңғылы 2 мылтық, 4 дана жарықтандырғышты заттай дәлелдеме ретінде тәркілеп алды. Тиісті сараптама тағайындалды.

Жергілікті полиция қызметінің полицейлері көліктегі күдікке ілінген 4 ер адамды полиция бөліміне жеткізді. Олар Жамбыл облысының тұрғындары болып шықты.

Бұл жайт жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу бойынша тіркеліп, оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ