Полиция бірқатар жол қозғалысы ережелерін бұзған жүргізушілерді анықтады

Орал қаласында жасырын патрульдеу барысында полиция бірқатар жол қозғалысы ережелерін бұзған жүргізушілерді анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қоғамдық тәртіпті сақтау, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда, Батыс Қазақстан облысының аумағында қылмыстардың алдын алу, жолын кесу мақсатында 2024 жылғы 2-6 қыркүйек аралығында “Құқықтық тәртіп” республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.

Рейдтік іс-шара барысында Н.Назарбаев даңғылы бойындағы орталық көшеде бір сағат ішінде көлік құралдары жүргізушілерінің бірқатар құқық бұзушылықтары тіркелді.

Мәселен, Lada автокөлігінің жүргізушісі ҚР ӘҚБтК-нің 595-бабы 1-бөлігі (Маневр жасау қағидаларын бұзу) бойынша, Toyota Hilux және Lexus маркілі автокөлігінің жүргізушілері жол қозғалысы ережелерін бұзуға жол берді.

Сондай-ақ Lexus, Haval, Hyundai, Kia автомашиналарының жүргізушілері қауіпсіздік белдігін тақпаған, яғни ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы 2-ші (Жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау) бөлігі бойынша осы баптың талаптарын бұзды.

Сонымен қатар, Kia, Hyundai транзиттік яғни шетелдік есептегі автокөлік жүргізушілерінің құжаттарын тексеру кезінде ҚР ӘҚБтК-нің 230-бабының (Қазақстан Республикасының мiндеттi сақтандыру туралы заңнамасын бұзу) талаптарын бұзып, яғни сақтандыру полисінсіз көлікті басқарған. Автокөліктер арнайы автотұраққа қамалды.

Сондай-ақ Toyota Camry автокөлігі бағдаршамның қызыл түсіне өтіп, ҚР ӘҚБтК-нің 599-бабы 1-бөлігінің талаптарын бұзды. Полиция департаменті қозғалыстың барлық қатысушыларын жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады, өйткені жолдағы қателік түзетілмейтін салдарға әкелуі мүмкін.

Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында: https://polisia.kz/oralda-zhasyryn-patrul-deu-barysynda-politsiya-birqatar-zhol-qozghalysy-erezhelerin-buzghan-zhurgizushilerdi-anyqtady/

ПІКІР ЖАЗУ