Полиция бір тәулікте 30 құқық бұзушылықты анықтады

Құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында Сарыағаш ауданының аумағында полицейлер рейдтік-профилактикалық іс-шаралар жүргізуде.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары бейнебақылау камералары арқылы жалпы пайдалану орындарын ластағаны үшін 10 құқық бұзушыны жауапқа тартты.

Сондай-ақ тәртіп сақшылары жол қозғалысы ережелерін сақтамаудың 12 фактісін, белгіленбеген жерлерде сауда жасаудың 3 фактісін, қоғамдық орындарда тиісудің 3 фактісін анықтады.

Бұдан бөлек полицейлер қоғамдық орында мас халде жүру мен қару сақтау ережелерін бұзудың 1 дерегіне қатысты әкімшілік хаттама толтырды.

Облыс полициясы атап өткендей, қылмыс пен басқа да құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары алдағы уақытта да жалғасатын болады.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ