Полиция білім күнін мектептерде өткізді
1 қыркүйек күні Созақ ауданының барлық жалпы білім беру мекемелерінде “Жалпыға бірдей құқықтық түсіндіру” іс-шарасы өтті. Бұл шара кәмелетке толмағандардың құқықтарын қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауға және кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алуға бағытталған.
Осы ретте Созақ аудандық полиция бөлімінің бастығы Жасұлан Нысанбаев «Созақ» мектеп гимназиясына арнайы барып, балалармен уақыт өткізді.
Полиция бастығы оқушыларды Білім күнімен құттықтай отырып: «Әрбір адамның өміріне жағымды әсер қалдыратын бұл күн еліміздің барлық оқушылары мен ата-ана, ұстаздарының басын біріктіреді. Сіздерге осынау ерекше күнде жақсы көңіл күй, мықты денсаулық, жаңа жетістіктер мен шығармашылық табыстар тілеймін!- деп атап өтті.
Шара соңында мектеп оқушыларына жол ережелері және құқықтық тәртіп бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Мектеп табалдырығын жаңа аттаған балаларға жол белгілерін көрсете отырып, сабақтар өтті. Олармен бірге қауіпсіздік шаралары бойынша суреттер салып, мағлұмат берді.
Өз кезегінде полицейлер бұл бағыттағы шаралар жыл бойы тұрақты түрде өткізелетінін жеткізді.