Полиция басшылары ақсақалдармен және оқушылармен кездесуде

Түркістан облысы Түлкібас полициясы бастығының бірінші орынбасары Бағлан Ақтаев ауыл ақсақалдарымен кездесіп, өзекті мәселелерді талқылады.
Сонымен қатар ауылда “Арақсыз ауыл” жобасын сіз бен біз болып насихаттап, қылмысты азайту мен алдын алу бағытындағы жұмыстарды жандандырайық деген ұсыныстарын жеткізді.
Ауылдың тыныс тіршілігімен жіті таныс қариялар полиция басшылығының ұсынысын қолдап, дүкен иелерімен кездесу шараларын жалғастырды.
Осыдан соң ауданның полиция басшылығы жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында жастармен тілдесті.
Оларға заң мен тәртіп жайлы кеңінен мағұлмат бере отырып, әрбір қылмыстың заңмен жазаланатынын түсіндірді.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі