Полиция айыппұлды уақтылы төлеуге шақырады!

«Жазаның бұлтартпастығы» қағидатын орындау үшін Түркістан облысы аумағында борышкерлерді анықтау және оларға қатысты айыппұлдарды өндіру мақсатында тәртіп сақшылар профилактикалық іс-шараларды өткізуде.
Шара барысында тәртіп сақшылар «Автоураган» жылжымалы кешендері мен «Қорғау» жүйесіндегі деректер базасы арқылы әкімшілік айыппұл төлеуден жалтарған борышкерлердің көлігін тоқтатып, төленбеген әкімшілік айыппұлдарының бар-жоғын тексеруде.
Өз кезегінде полиция қызметкерлері азаматтарды жеке жауапкершілікті күшейтіп, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және құқықбұзушылықтар үшін айыппұлдарды уақтылы төлеуге шақырады.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі
Қазақстандағы жиі бұзылатын жол ережелері
592-бап
Белгіленген қозғалыс жылдамдығын арттыру
- Көлік құралының белгіленген жүру жылдамдығын сағатына оннан жиырма километрге дейін арттыру — 5 АЕК мөлшерінде айыппұлсалуға әкеп соғады.
- Көлік құралының белгіленген жүру жылдамдығын сағатына жиырмадан қырық километрге дейiнгi шамаға арттыру — 10 АЕК мөлшерінде айыппұлсалуға әкеп соғады.
- Көлiк құралының (КҚ) белгiленген жүру жылдамдығын сағатына 40 километрден астам шамаға арттыру — 20 АЕК мөлшерінде айыппұлсалуға әкеп соғады.
4.Осы баптың екiншi және үшiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер — 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
591-бап
Көлiк құралын басқару кезiнде телефонды не радиостанцияны пайдалану
- Көлiк құралын басқару кезiнде жүргiзушiнің телефонды не радиостанцияны пайдалануы — 5 АЕК мөлшерінде айыппұлсалуға әкеп соғады.
- Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалғанәрекет — 10 АЕК мөлшерінде айыппұлсалуға әкеп соғады.
Ескерту. Көлiк құралын басқару кезiнде телефонды не радиостанцияны тыңдауышты немесе қатты дауысты байланысты қолдану арқылы пайдалануға рұқсат етiледi.
334-бап
Шығарындыларда ластаушы заттардың болуы нормативтерден асып кететін автомотокөлiктерді және басқа да жылжымалы құралдарды пайдалану
- Жеке тұлғалардың шығарындыларда ластаушы заттардың болуы, сондай-ақ олардың жұмыс iстеуi кезiнде шығатын шудың деңгейi белгiленген нормативтерден асып кететін автомотокөлiктердi және басқа да жылжымалы құралдар мен қондырғыларды пайдалануы — ескерту жасау немесе 2 АЕК мөлшерiнде айыппұлсалуға әкеп соғады
2.Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер — 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
593-бап
Жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау
- Жолаушылар мен жүктерді тасымалдау ережелерін сақтамау — 5 АЕК мөлшерiнде айыппұлсалуға әкеп соғады.
- Қауіпсіздік белдіктерін немесе мотошлемдерді пайдалану қағидаларын сақтамау — 5 АЕК мөлшерiнде айыппұлсалуға әкеп соғады.
- Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалғанәрекеттер — 10 АЕК мөлшерiнде айыппұлсалуға әкеп соғады.
596-бап
Көлiк құралын жолдың жүру бөлiгiнде орналастыру, қарсы жүрiп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу
- Жол жүрiсi қағидаларын бұзып, жаяу жүргiншiлер жолдарымен, жол жиектерiмен немесе тротуарлармен жүру — 15 АЕК мөлшерiнде айыппұлсалуға әкеп соғады.
- Көлiк құралын жолдың жүру бөлiгiнде орналастыру, қарсы жүрiп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу, сол сияқты ұйымдасқан көлiк колоннасын немесе жаяу колоннаны кесiп өту не оның арасынан орын алу — 15 АЕК мөлшерінде айыппұлсалуға әкеп соғады.
- Егер бұл жол жүрiсi қағидаларында тыйым салынған жағдайларда, жолдың жүру бөлiгiнiң қарсы бағытта жүруге арналған жағына, оның ішінде кері бұрылып немесе бұрылыс жасап шығу — 6 ай мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыруғаәкеп соғады.
- Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалғанәрекеттер — 30 АЕК мөлшерінде айыппұлсалуға әкеп соғады.
- Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, көлік құралын басқару құқығынан айырылған не ондай құқығы жоқ адам жасаған әрекет — 50 АЕК мөлшерінде айыппұлсалуға әкеп соғады.
597-бап
Көлiк құралдарын тоқтату немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзу
- Осы баптың екiншi, үшiншi бөлiмдерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, көлiк құралдарын көлік құралдарының аялдау немесе тоқтап тұру — 5 АЕК мөлшерінде айыппұлсалуға әкеп соғады.
- Көлік құралдарын тротуарда тоқтату немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзу, сондай-ақ көлік құралдарын гүлзарларда, балалар немесе спорт алаңдарында тоқтату немесе тоқтап тұру — 10 АЕК мөлшерінде айыппұлсалуға әкеп соғады.
- Басқа көлік құралдарының жол жүрісіне кедергі келтіруге әкеп соққан, көлік құралдарын жолдың жүру бөлігінде тоқтату немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзу — 10 АЕК мөлшерінде айыппұлсалуға әкеп соғады.
- Мүгедектердің көлік құралдарын тоқтату немесе тоқтап тұру үшін бөлінген жерлерде көлік құралдарын тоқтату немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзу — 10 АЕК мөлшерінде айыппұлсалуға әкеп соғады.
4-1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары айқындаған, көлік құралдарын орынтұраққа қойғаны үшін ақы алуға және олардың орынтұрақта тұрған уақытын есептеуге арналған сертификатталған арнайы құрылғылармен жабдықталған орындарда орынтұраққа қойғаны үшін төлем төлеуден жалтару — 3 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4-2.Осы баптың 4-1 бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет — 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5.Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер — 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5-1. Осы баптың екiншi және үшiншi бөлiктерiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн, бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер — 15 АЕК мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
- Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін, бір жыл ішінде қайталап жасалғанәрекет — 15 АЕК мөлшерінде айыппұлсалуға әкеп соғады.
594-бап
Жол қиылыстарынан өту қағидаларын бұзу немесе жолдың жүру бөлiгiн кесiп өту
- Көлік құралдарының көлденең бағыттағы жол жүрісіне кедергі келтіруге (кептеліске) әкеп соққан кептеліс пайда болған жағдайда жол қиылысына шығу немесе жолдың жүру бөлігін кесіп өту — ескертунемесе 3 АЕК мөлшерінде айыппұлсалуға әкеп соғады.
- Жол жүрісі қағидаларының жол қиылыстарынан өтудің басымдық құқығын пайдаланатын көлік құралына жол беру талабын орындамау — 15 АЕК мөлшерінде айыппұлсалуға әкеп соғады.
- Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалғанәрекеттер — 7 АЕК мөлшерінде айыппұлсалуға әкеп соғады.
- Осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалғанәрекет — 20 АЕК мөлшерінде айыппұлсалуға әкеп соғады.
595-бап
Маневр жасау қағидаларын бұзу
- Жол жүрісі қағидаларының жүру, қайта ауыстыру, бұрылу, кері бұрылу немесе тоқтау алдындағы сигнал беру талабын орындамау — 5 АЕК мөлшерінде айыппұлсалуға әкеп соғады.
- Осындай маневр жасауға тыйым салынған жерлерде артқа жүру — 10 АЕК мөлшерінде айыппұлсалуға әкеп соғады.
- Осы Кодекстің 594-бабының екінші бөлігінде және 598-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, жол жүрісі қағидаларының жүрудің басым құқығын пайдаланатын көлік құралына жол беру талабын орындамау — 15 АЕК мөлшерінде айыппұлсалуға әкеп соғады.
- Осы баптың екiншi және үшiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер — 20 АЕК мөлшерінде айыппұлсалуға әкеп соғады.
599-бап
Бағдаршамның тыйым салатын сигналына немесе реттеушiнiң тыйым салатын қимылына қарамай өту
- Осы Кодекстiң 607-бабының бiрiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, бағдаршамның тыйым салатын сигналына немесе реттеушiнiң тыйым салатын қимылына қарамай өту — 10 АЕК мөлшерінде айыппұлсалуға әкеп соғады.
- Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалғанәрекет — 15 АЕК мөлшерінде айыппұлсалуға әкеп соғады.
600-бап
Жаяу жүргiншiлердің немесе жол жүрiсiнiң өзге де қатысушыларының жүруiне басымдық бермеу
- Жол жүрісінде басымдықты пайдаланатын көлiк құралдарының жүргiзушiлерiн қоспағанда, жол жүрiсi қағидаларының жаяу жүргiншiлерге немесе жол жүрiсiнiң өзге де қатысушыларына жол беру талаптарын орындамау — 10 АЕК мөлшерінде айыппұлсалуға әкеп соғады.
2.Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет — 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
601-бап
Жол белгiлерiмен немесе жолдың жүру бөлiгiндегi таңбалармен көрсетiлген талаптарды сақтамау
- Осы тараудың басқа баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жол белгiлерiмен немесе жолдың жүру бөлiгiндегi таңбалармен көрсетiлген талаптарды сақтамау — 3 АЕК мөлшерінде айыппұлсалуға әкеп соғады.
- Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалғанәрекет — 10 АЕК мөлшерінде айыппұлсалуға әкеп соғады.
602-бап
Көлік құралдарының жүргізушілерімен сыртқы жарық құрылғыларын және (немесе) дыбыстық сигналдарды қолдану ережелерін бұзу, сигнал беру жүйесін пайдалану
- Көлік құралдарының жүргізушілерінің күндізгі жарық және (немесе) дыбыстық сигналдар кезінде сыртқы жарық құрылғыларын пайдалану ережелерін бұзу — ескертунемесе 3 АЕК мөлшерінде айыппұлсалуға әкеп соғады.
1-1. Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң тәулiктiң қараңғы мезгiлiнде немесе анық көрiнбейтiн жағдайларда сыртқы жарық түсіру аспаптарын пайдалану, авариялық сигнал беру мен авариялық тоқтау белгiсiн қолдану қағидаларын бұзуы — 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
- Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалғанәрекет — 5 АЕК мөлшерінде айыппұлсалуға әкеп соғады.
- Осы баптың 1-1-тармағында көзделген әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер — 7 АЕК мөлшерінде айыппұлсалуға әкеп соғады.
Жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу
608-бап
Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру
- Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру — көлік құралын басқару құқығынан 3 жыл мерзімге айыруғаәкеп соғады.
- Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, апаттық жағдай туғызуға әкеп соққан әрекеттер — көлік құралын басқару құқығынан 4 жыл мерзімге айыруғаәкеп соғады.
- Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, жәбірленушінің денсаулығына қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері жоқ зиян келтіруге немесе көлік құралдарын, жүктерді, жол құрылыстары мен өзге де құрылыстарды не өзге мүлікті бүлдіруге әкеп соққан әрекеттер — көлік құралын басқару құқығынан 5 жыл мерзімге айыруғаәкеп соғады.
- Осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза мерзімі өткеннен кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер — 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және 6 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруғаәкеп соғады.
- Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген әкімшілік жаза мерзімі өткеннен кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған, осы баптың төртінші бөлігінде көзделген әрекеттер — 30 тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және 10 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыруғаәкеп соғады.
- Осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, көлік құралдарын басқару құқығы жоқ адамдар жасаған әрекеттер — 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алуғаәкеп соғады.
- Осы баптың алтыншы бөлігінде көзделген әкімшілік жаза мерзімі өткеннен кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған, осы баптың алтыншы бөлігінде көзделген әрекеттер — 30 тәулікке әкімшілік қамаққа алуғаәкеп соғады.
- Осы баптың алтыншы және жетінші бөліктерінде көзделген, осы Кодекстің 50-бабының екінші бөлігіне сәйкес әкімшілік қамаққа алу қолданылмайтын адамдар жасаған әрекеттер — 200 АЕК мөлшерінде айыппұлсалуға әкеп соғады.