Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Полиция 15 жыл бойы мемлекетаралық іздеуде болған екі шетелдікті ұстады

Түркістан облысы Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Іздестіру» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында 15 жыл мемлекетаралық іздеуде болған екі шетел азаматын ұстады.

Нақтырақ айтсақ полицейлер Түркістан облысының аумағында 2009 жылдан бері бірқатар ауыр қылмыстар жасағаны үшін өз отанында іздеуде жүрген көрші мемлекеттің екі азаматын ұстады.

Қазіргі уақытта іздеуде жүрген шетелдіктер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Барлық жағдайлар анықталуда.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Сәйкес жаңалықтар

В области Абай для населения работают 610 спортивных объектов

admin

Сарыағаш: ҚР «Тәуелсіздік күні» және «Прокуратура күні» мерекелеріне орай спорттық ойындардың жарысы болып өтті

admin

Шымкентте онлайн-сатылымға қойылған техниканы алаяқ тегін сатып алған

admin