Полицейлер жоғалған балаларды ата-анасына тапсырды

Семейде полицейлер жоғалып кеткен екі ұл баланы тауып, ата-анасына тапсырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2 қыркүйек күні сағат 10:34-те “102” арнасына Семей қаласының тұрғыны 3 күн бұрын үйден белгісіз бағытқа кетіп, қайтып оралмаған баласы Рахымжан Үкертаевты іздеуге көмек сұрап жүгінді. Дәл сол күні сағат 21:11-де “102” арнасына сағат 18.30 шамасында аулаға ойнауға кетіп, қайтып оралмаған 7 жасар Әли Қанатовтың әжесі де хабарласты.

Жоғалған балалар туралы өтініштен кейін бірнеше минут ішінде аймақ полициясының барлық кешенді күштері хабардар етілді. Полиция нарядтары еріктілермен, мұғалімдермен және бей-жай қарамайтын азаматтармен бірге тұрғылықты жеріне жақын маңды аралады. Іздеуге барлығы 12 топ жіберілді, сонымен қатар полицияның кешенді күштерінің сыртқы нарядтары – 170 адам бағдарланды. К

үндіз-түні қараусыз қалған ғимараттарда, ойын-сауық орындарында іздеу жұмыстары жүргізілді. Тәртіп сақшылары іздеу іс-шараларын жүргізу кезінде бейнебақылау камераларын да қарады.

3 қыркүйек күні кәмелетке толмағандарды жергілікті тұрғын, балалар алаңындағы көпірдің астынан тауып, еріктілер мен полицияға ақпарат берді. Қазіргі уақытта балалар үйлеріне аман-есен оралды. Оларға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 12 жасар бала мінез-құлықты түзету үшін ювеналды полицияның есебіне қойылады. Өз кезегінде тәртіп сақшылары ересектерден балаларына қырағы болуды сұрайды және мұндай фактілер туралы дереу хабарлауды ұсынады.

 – Есіңізде болсын, сіз құқық қорғау органдарына неғұрлым тез хабарласаңыз, жоғалған адамды табу мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады, – деп қорытындылады тәртіп сақшылары.

Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында: https://polisia.kz/abaj-oblysynda-politsejler-zhoghalghan-balalardy-ata-anasyna-qajtardy/

ПІКІР ЖАЗУ