Полицейлер “синтетика” өндіретін есірткі зертханасын жойды

Алматы облысында полицейлер “синтетика” өндіретін есірткі зертханасын жойды, – деп хабарлайды Polisia.kz. “Қарасора” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Алматы облысының полицейлері Қарасай ауданының аумағында кезекті есірткі зертханасын анықтады.  Үйдің ауласын тінту барысында белгілі бір иісі бар ақ ұнтақты сұйық ыдыстар мен полимерлі қаптар, сондай-ақ синтетикалық есірткі жасауға қажетті реактивтер мен заттар табылды.

– Есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен 27 жастағы ер адам ұсталды. Жауап алу кезінде ол жоғары ақы төленетін жұмысты Telegram-каналы арқылы тапқаны белгілі болды. Жүргізілген сараптама нәтижесінде алынған заттардың салмағы 10 келіден асатын сұйық түрдегі мефедрон, ұнтақ түрінде шамамен 150 гр, сондай-ақ синтетикалық есірткіні өндіруге арналған 30 литр прекурсорлар мен 80 келі “бром” улы зат екенін көрсетті, – деп атап өтті Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Әленов.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасуда.

Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында: https://polisia.kz/almaty-oblysynda-politsejler-sintetika-ondiretin-esirtki-zerthanasyn-zhojdy/

ПІКІР ЖАЗУ