Полицейлер салауатты өмір салтын насихаттайды

Жетісай ауданы полиция бөлімінің ұйымдастыруымен учаскелік полиция инспекторларының құрылғанына 101 жыл және және қызмет барысында ерлікпен қаза тапқан ІІО қызметкерлерінің құрметіне салалық қызмет құрылымдары арасында футболдан жарыс өткізілді.

Салауатты өмір салтын насихаттауға арналған бұл шара полиция қызметкерлерінің оң имиджін нығайту мен қызметкерлер арасында спортты, оның ішінде шағын футболды кеңінен насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.

Сайысқа 5 команда қатысып, өзара бақ сынасты. Қызметкерлер арасында спортты дамыту, салауатты өмір салтын ұстануға бағыттайтын тартысты ойында Жетісай аудандық учаскелік полиция инспекторлар командасы І орынды, кәмелетке толмаған істер жөніндегі полиция инспекторлар командасы ІІ орынды, тергеу бөлімшесі, анықтау бөлімшесі, криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері ІІІ орынды жеңіп алды.

Полицейлердің спортқа деген қызығушылығын артыруға арналған бұндай шаралар алдағы уақытта жалғасын табатын болады.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ