Полицейлер республикалық автожолдарда түнгі тексеру жүргізді
Алматы облысының полицейлері республикалық автожолдарда түнгі тексеру жүргізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жол-көлік оқиғаларының алдын алу, өңір жолдарындағы жарақаттану мен өлім деңгейін төмендету мақсатында облыстық полиция департаменті тұрақты негізде ортақ пайдаланылатын жолдарға, оның ішінде республикалық маңызы бар трассаларға тексеру жүргізеді.
– Әкімшілік полиция қызметкерлері жауапты ұйымдармен бірлесіп Алматы – Өскемен автожолының учаскесін тексеруді ұйымдастырды. Өліммен аяқталған ЖКО-ның негізгі саны тәуліктің қараңғы уақытында болатынын ескере отырып, іс-шара түнде өткізілді, – деп атап өтті облыстық әкімшілік полиция басқармасы бастығының м.а. Еркебұлан Ахметов.
Негізгі назар жолдың жарық сапасын тексеруге аударылады. Тексеру барысында жол ұйымдарына “Алматы-Өскемен” автожолының жүру бөлігінің 16-67 шақырым аралығындағы жарақтандыру талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты екі ұйғарым берілді.
– Жол апаттарына ықпал ететін себептерді анықтау және оларды уақтылы жою үшін жолдарды жүйелі түрде тексеру қажет. Жыл басынан бері жол ұйымдарына 1 047 ұйғарым жіберілгенін атап өткім келеді, – деді Е.Ахметов.
Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында: https://polisia.kz/almaty-oblysynyng-politsejleri-respublikalyq-avtozholdarda-tungi-tekseru-zhurgizdi/