Полицейлер Республика күнін атап өтті
Сарыағаш аудандық полиция бөлімінде 25 қазан Республика күні сән-салтанатымен аталып өтті. Ұлттық мерекеміз Республика күніне жеке құрам басшыларымен қызметкерлер және ардагерлер қатысты.
Алдымен мерекелік шараға жиналғандарды полиция бөлімінің бастығы Есенғали Елікбайұлы айтулы мерекемен құттықтады. Одан кейін, қызметтік міндеттерін адал атқарып және жұмыста жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін ерекше көзге түскен қызметкерлер мен ардагерлерге Алғыс хаттар табыстады.
Шара барысында мерекеге орай арнайы дайындалған видеоролик тамашаланып, ардагерлердің ізгі тілектері тыңдалды.
Меркелік іс шара соңы мәдениет үйінің өнерпаздары ән арнап, қызметкерлерге ыстық лебіздерін білдірді
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі