Полицейлер профилактикалық шараларды қарқынды жүргізуде

Сайрам ауданы аумағында полицейлер интернет-алаяқтықтың алдын алу, нашақорлыққа қарсы, отбасылық зорлық зомбылықтың алдын алу мақсатында профилактикалық жұмыстарды күшейтті.
Шара аясында тәртіп сақшылары мен прокуратура қызметкерлері және еріктілермен бірлесіп аудан көлемінде тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Шараның мақсаты – халықты киберқауіптер туралы хабардар ету, интернет-алаяқтардың тәсілдерін тануға үйрету және балалар мен ересектерді цифрлық алаяқтардан қорғау. Сондай-ақ нашақорлықтың алдын алу мен отбасылық тұрмыстық зорлық зомбылықты болдырмау.
Өз кезегінде халық көп шоғырланатын орындарда жүргізілген түсіндірме жұмысында алаяқтықтың ең көп таралған түрлері мен әдістері айтылып, ақпараттық парақшалар мен жадынамалар таратылды. Құқықтық сауаттылық пен интернет алаяқтықтың алдын алу бағытында өткізілген шара алдағңы уақытта өз жалғасын табатын болады.