Полицейлер отбасы құндылықтары жайлы пікірлерімен бөлісті

Арыс аудандық полиция бөлімі жеке құрам қызметкерлерінің қатысуымен «Отбасы-отан тірегі» тақырыбында танымдық кездесу өтті. Жиынға Арыс қаласы Әбу Ханифа Мешітінің имамы Рысмахан Жарылқасымов арнайы қатысты.

Шараның мақсаты-отбасы құндылығын насихаттау, жанұяда мейірімді қарым-қатынас орнату. Кездесуде имам Рысмахан ағамыз “Отбасының тыныштығы, екі жастың түсінісуі” бойынша орамды ойларын, толғамды пікірлерін айтты. «Отан отбасынан басталады» деген нақыл сөздің мағынасына тереңінен тоқталып, адам баласы үшін отаннан кейінгі қасиетті ұғым – отбасы екенін жеткізді.

Қоғам қауіпсіздігі жолында қызмет етіп жүрген барлық полицейлер мен олардың жанұяларына зор денсаулық, табысты еңбек тіледі.

Кездесуде көрсетілген бейнероликтер қатысушыларға ой салып, соңы тәртіп сақшыларымен еркін форматтағы пікір алмасуға ұласты.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ