Полицейлер оқушыларға ашық есік күнін өткізді

Сайрам аудандық полиция басқармасының қызметкерлері полиция бөлімі ғимаратында ашық есік күні өтті. Оған білім беру ұяларының 10-11 сынып оқушылары қатысты. Жиынның мақсаты полиция қызметінің ашықтығын, жариялығын көрсете отырып, халықпен жақындастыру. Сондай-ақ ішкі істер органдарының қызметін дәріптеп, осы салада қызмет еткісі келетін жастардың қатарын көбейту.

Шара барысында полиция басшысы Мұрат Ермеков тәртіп сақшыларының қызметтік саласын таныстырып өтті. Сондай-ақ жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, және балалар қауіпсіздігі жайлы да ақпарат беріп, әрбір құқық бұзған адам заң алдында жауап беретінін алға тартып, ондай қадамға бармауға кеңес берді. Сонымен қатар оқушылар арнайы қорғану құралдары мен қару-жарақ түрлеріменде танысты.

Мектеп бітірушілер арасында полиция қызметкері болғысы келетіндерді ҚР Ішкі істер министрлігінің жоғарғы оқу орындарына түсуге үгіт-насихат жүргізді. Оқушыларға полиция қызметінің қыр-сырын ашып түсіндіріп, қызықты оқиғаларымен бөлісті. Бұл мамандықтың қиындығы мен жауапкершілігін алға тартып, тәртіп сақшысы болу үшін төзімділік пен сабырлылық, жылдамдық, асқан жауапкершілік қажет екенін атап өтті.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ