Полицейлер мектеп оқушыларына заң мен тәртіпті түсіндірді

Қазіргі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі-балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу.

Осыған орай Келес аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықты алдын алу бойынша білім беру ұйымдарының жоғарғы сынып оқушыларымен кездесті.

Кездесу барысында басшы құрамдардың қатысуымен кәмелетке толмағандар арасында жасалатын құқық бұзушылықтар үшін көзделетін жауапкершілік бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Қоғамдық орындарда кәмелетке толмаған жасөспірімдермен жасалатын құқық бұзушылық түрлеріне тоқталып мысалдар келтірді. Оның ішінде топтасып төбелесу, бопсалау, сондай-ақ, қазіргі таңдағы синтетикалық есірткінің таралуы, оны сақтап, тасымалдағаны үшін заңмен көзделген жауапкершіліктер туралы ақпараттар айтылды.

– Жеке тұлға болып қалыптасуда ата-ана, мұғалім мен тәртіп сақшылары тығыз байланыста болып әрбір жасөспірімнің тәртібі мен тәрбиесіне уақытында мән берілсе, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алуына септігін тигізері сөзсіз,-деді полиция бастығының орынбасары А.Ибрагимов.

Айта кетейік, құқық бұзушылықтарды алдын-алу мақсатында тәртіп сақшылары тарапынан аудандағы білім беру ұйымдарында түсіндірме жұмыстарын жүргізу жалғасын табады.

Қазіргі уақытта біздің еліміз бүкіл әлем қауымдастығы мойындап отырған демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет, ал оның ең қымбат қазынасы – адам және адам өмірі, құқықтары мен бостандықтары, деп жазады https://eduindex.kz/methodical-articles/1250-oushylara-yty-trbie-beru-basty-masatymyz.html.  Кез келген адам өзі өмір сүрген ортада қоғамның бір мүшесі болып саналады. Әр мемлекеттің өз заңы болса, адам құқығын қорғайтын басты заң – Ата заң болып табылады.

Әрбір азамат өзінің әлеуметтік құқықтары мен бостандықтарын пайдалана білуі керек, бірақ оны жүзеге асыруы басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын бұзуда, конституциялық құрылыс пен қоғамдық имандылыққа нұқсан келтірмеуге тиіс. Көптеген адамдар   санасында құқық ұғымы жазалау, құқық бұзылуының ұғымдарымен байланысты түсіндіріледі. Бірақ құқық әділеттілік, теңдік, ізгілік және   қоғамға негізделген тәртіп ережелері   екенін естен шығармауымыз керек.

Жеке  тұлғаның  құқықтық   мәдениеті жөнінде әсіресе, мыналарды   баса көрсетуге болады: біріншіден, кез   келген азамат өзінің құқығын, бостандығы мен міндетін анық түсінуі әрі оны бағамдап, парықтай білуі, екіншіден, осыларды мүмкіндігінше,  іс жүзінде,   өз  өмір  тәжірибесінде пайдалана  алуы   тиіс. Құқықтық  мәдениетті қалыптастырып  дамыту –  еліміздің   болашағын айқындаушы   көрсеткіштердің   бірі десек, өскелең   ұрпаққа сапалы құқықтық білім  мен   саналы тәрбие  беру ұстаздар қауымынан білімділікті, құқықтық білімдерін үнемі жетілдіруді,   нормативтік — құқықтық  құжаттармен   үздіксіз танысып, жұмыс барысында   оларды басшылыққа алуда үрдіске айналдыруды, салалық мекемелермен, отбасымен  тығыз ынтымақтастық   қарым – қатынас орнатуды  және  қажырлы еңбекті  қажет етеді.

Заман талабы мектеп жасындағы балалардың арасында құқық бұзушылық пен зиянды заттардың алдын алу жұмысының белсенді, тиімді, жаңа жолдарын таңдауды міндеттейді. Өйткені, қазіргі таңда жасөспірімдердің арасында өз уақыттарын тиімді пайдалана білмеуі, ата – ананың баласына тәрбие беруде

жеткілікті уақыт бөлмеуі, ақпараттың шектеусіз әрі еркін берілуі, «қиын» немесе толық емес жанұяда тәрбиеленуі, отбасындағы кикілжің мен ажырасу және отбасының төмен әлеуметтік жағдайының, жағымсыз ортаның кері ықпалы сияқты жағдайлар балалардың  сана – сезіміне кері әсерін тигізіп, жастар мен жасөспірімдер арасында түрлі келеңсіз іс – әрекеттердің көбеюіне әкеліп соқтыруда.   Сондықтан да, балалар мен жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың, суицидтік әрекеттерді болдырмау және оның алдын алу бағытындағы жұмыстарға басты назардың аударылуы заңды деп есептеймін.

Заңды білмеу — құқықтық мәдениеттің елеулі кемшілігі. Заңды білмеу, оны бұзу жауапкершіліктен қүтқармайды. Бұл жерде оқушы заң және құқықтық мәдениет ұғымын шатастырмау керек. Құқықтық мәдениет оқушыдан жан-жақты құқықтық білімдерді талап етеді.

Адамның құқықтық мәдениеті — күрделі психологиялық құбылыс. Бұл құбылыс қоғамның, мемлекеттің көптеген маңызды салаларында көрінеді. Ең бастысы адамгершілікті адам тұлғасының сапалық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал жасайтын тәрбие құралдарының бірі – орынды тәртіп және мінез-құлық тәрбиесінің жоғары деңгейінде болуы.

Сонымен адамның құқықтық мәдениеті дегеніміз – орынды тәртіп пен мінез-құлық, жан-жақты құқықтың білімдерімен заңды құрметтеу, құқықты қорғау іс-әрекетінің терең бірлігі.

Саналы тәртіп пен мінез-құлықтарды құқықтың мәдениеттің іргетасы деп қарасақ, ол көркемөнер мәдениетімен қатынастар, сезімдер деңгейінде тікелей байланысады. Сезімдер әлемі эстетикалық қатынастарда негізгі рөл ойнайды. Әдебиет пен өнер бізге көркем бейнелерімен әсер етеді, оларды сезім арқылы қабылдаймыз. Өнердің көмегімен, әсіресе, өдебиет арқылы әлемді, қоғамдық қатынастарды танимыз.

Құқықтың мәдениеттің осы екі деңгейіне көтерілген, яғни құқықтың білімді меңгерген, заңды құрметтейтін адам заңға қайшы келетін әрекеттерден аулаң болады. Тек қана заңға сәйкес жүру дағдысы пайда болады. Мұны заңға мойынсүнушы-лық дейді. Бұл деңгейлік сатыда ішкі қозғаушы күш — адамның үяты, ар-ожданы. Ұят, ар-ождан және сенімдер адамның мәдениеті тек қана заңға мойынсұну емес, заңды қорғау үшін тұрақты белсенді әрекетке қатысуға дайын тұру.

Құқықты құрметтеу, әділдікті, борышты, жауапкершілікті, заңдылықты, сезіну – адам тұлғасының жоғарыдан көрінуі. Осыдан келіп заңдылықты сезіну құқықтық мәдениеттің құрамы екендігін түсіну қиын емес.

ПІКІР ЖАЗУ