Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Полицейлер «Қорғау» көмегімен 10 миллион теңге қарызы бар көлікті анықтады.

Түркістан облысының патрульдік полиция батальоны қызметкерлерінің планшетіне 10 млн теңге қарызы бар «Toyota Corolla» автокөлігі бойынша дабыл түседі. Полиция «Қорғау-қауіпті жүргізуші» бағдарламасы арқылы анықтаған көлікті «Сайрам-Ақсукент» тас жолы бойында тоқтатады.

Белгілі болғандай, көлікті сақтандыру полисі бойынша әйел басқарған. Тексеру кезінде көлік оның күйеуінің атында және ер адамның банкке несие бойынша қомақты қарызы бар болып шықты. Ол мамыр айынан бері қарызын төлемей жүргендіктен, полицияға сот орындаушысынан қаулы келіп түскен.

«Мәліметтер базасын тексеру кезінде бұл көліктің 10 миллион теңге қарызы бар екені анықталды. Көлікті арнайы айыптұраққа орналастырдық. Қарызының өтелуі бойынша сот орындаушының рұқсаты келмейінше көлік сол жерде тұрады» – деді облыстық патрульдік полиция батальонының командирі Алмас Мырзахметов.

Полиция облыс тұрғындарына қандай да бір төленуі тиіс берешегі болса, уақытылы өтеуге шақырады. Сондай-ақ кез келген құқық бұзушылық үшін заң аясында шара көрілетінін хабарлайды.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Сәйкес жаңалықтар

Баспаналы болғысы келетіндер құжаттарын 10 наурызда тапсыруы қажет

admin

Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия мәжілісінде маңызды мәселелер қаралды

admin

Кентау қаласының әкімі жөндеуден өткен мектептің материалдық техникалық базасымен танысты

admin