Полицейлер 40-тан астам жол ережесін бұзған мопед жүргізушілерін жауапқа тартты
Кентау қалалық полиция бөлімі қызметкерлері мотокөліктердің қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғаларының алдын-алу мақсатында мотоцикл, скутер, мопед жүргізушілеріне жылдамдықты асырмай, жол жүрісі ережесін қатаң сақтау бойынша шаралар қабылдап, тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.
Полиция қызметкерлері шара аясында бірқатар құқық бұзушылықтардың жолын кесті. Тәртіпті жіті қадағалайтын полицейлер жол ережесін бұзған 42 мопедті анықтап, жүргізушілеріне немесе заңды өкілдеріне шара көріп, айыптұраққа қойды.
Тәртіп сақшылары жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қылмыстың алдын алу және оны болдырмауға күш салуда.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі