Полицейлер 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығын қорытындылады

Түркістан облысы полиция департаменті Ордабасы аудандық полиция бөлімінде 2025 жылдың алғашқы алты айына арналған жедел кеңес өтті. Кеңеске бөлім бастығының міндетін атқарушы, полиция подполковнигі Руслан Мейрбеков, бөлім басшылары мен жеке құрам өкілдері қатысты.

Кеңесте қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларының алдын алу, тіркелген қылмыстардың ашылуы, тергеу барысы және жеке құрам арасындағы тәртіп пен заңдылық мәселелері жан-жақты қаралды. Сонымен қатар, қоғамдық орындарда, көшеде және топпен жасалған қылмыстар саны өткен жылмен салыстырғанда едәуір төмендегені атап өтілді.

Өз кезегінде халық арасында өткізілетін профилактикалық шапраларға баса назар аударылды. Атап айтқанда :«Бір нүктелік» рейдтік шаралар  мен  интернет алаяқтықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жоғары деңгейде жүргізілгені анықталды.

Кеңес қорытындысы бойынша қабылданған шешімдердің орындалуы тікелей бақылауға алынып, әр салаға нақты тапсырмалар жүктелді. Қоғамдық тәртіп – тұрақтылық негізі.