Пойыз билеттерін жарты бағасын төлеп, қалай алуға болады

Қазақстандағы ең танымал әрі қолжетімді көлік түрлерінің бірі – пойыз. Алайда, жолаушылар пойыздарында толықтай тегін жүру қарастырылмаған. Дегенмен, кейбір азаматтар билеттерді жеңілдікпен сатып ала алады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

“Жолаушылар тасымалы” АҚ баспасөз хатшысы Нариман Дүйсекеев жеңілдіктерді алу мүмкіндігі кімдерге берілетінін айтып берді.

Жеңілдікке кімдер ие бола алады?

Мүгедектігі бар азаматтар:

  • I, II және III топтағы мүгедектігі бар жандар мен мүмкіндігі шектеулі балалар (растайтын құжаттары болған жағдайда).
  • Мүгедектігі бар жандарды алып жүретін адамдарға – 50% жеңілдік.

Балалар:

  • 7 жасқа дейінгі балалар (жеке орынсыз) – тегін.
  • 7 жасқа дейінгі балалар (жеке орынмен) – 50% жеңілдік.
  • 7 мен 15 жас аралығындағы оқушыларға – 50% жеңілдік.

Әлеуметтік маңызы бар бағыттар:

  • Мүгедектігі бар азаматтарға – 50% жеңілдік.
  • “Тальго” пойыздарында арнайы купелер үшін жеңілдік қарастырылған, бұл жағдайда еріп жүрген адам да жеңілдік алады.

Жеңілдікпен билет алу жолы

Мүгедектігі бар адамдар билетті онлайн сатып алу үшін ЖСН мен мүгедектік туралы анықтама нөмірін енгізуі қажет. Бұрынғыдай әлеуметтік ID кодының қажеті жоқ.

Билеттерді сатып алу кезінде барлық мәлімет автоматты түрде тексеріледі. Бұл ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің деректер базасымен біріктірілген жүйе арқылы жүзеге асады.

Қайдан сатып алуға болады?

  • bilet.railways.kz ресми сайты
  • “ҚТЖ билеттері” мобильді қосымшасы
  • Басқа интернет-платформалар

ПІКІР ЖАЗУ